2018 жылы 24 ақпанда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті тарих факультетінде «Ашық есік күні» ұйымдастырылады

2018 жылы 24 ақпанда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті тарих факультетінде «Ашық есік күні» ұйымдастырылады.

Іс-шара барысында факультетпен танысу, оқытушылармен, студент жастармен кездесу өткізіледі деп жоспарлануда. Сондай-ақ факультетімізде қызмет жасайтын белгілі тарихшы-ғалымдармен кездеседі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қабылдау бөлімінің жауапты хатшысы мектеп оқушыларына биылғы жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуде болатын жаңашылдықтармен өзгерістер жайында толық мағлұмат беріледі. Шақырылған қонақтар жабдықталған кабинеттер мен археологиялық лабораториялар, көрме т.б. тамашалайды.

Мектеп әкімшілігі мен тарих пәні мұғалімдерін, сондай-ақ, тарих және география пәндерін таңдаған бітіруші түлектерді және жоғары сынып оқушыларын, ұлт тарихының жанашырларын аталмыш іс-шараға шақырамыз.

Өтетін орны: Астана қаласы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Пушкин көшесі, 11 үй, 2 оқу ғимараты, сағ: 10:00.