2018 жылы 24-25 ақпан аралығында Еуразия ұлттық университетінің №5 оқу ғимаратында (ОЗҒ) еліміздің ЖОО-ның студенттері арасында «Жастар – болашақтың бастамасы» атты аймақтық пікірсайыс турнирі өтеді.
Турнирдің мақсаты: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының шығуын, Астана қаласының 20 жылдық мерейтойын және Мемлекет басшысының халыққа Жолдауын студент-жастар арасында насихаттау, талқылау. Сонымен қатар, Қазақстанның барлық аймақтарынан келген әртүрлі пікірсайысшылар арасында өзара тәжірибе алмасу және достық қарым-қатынастарды орнату, нығайту.
Өтетін күні: 24-25 ақпан, 2018 жыл.
Өтетін орны: Астана қаласы, Еуразияұлттықуниверситеті, №5 оқу
ғимараты (ОЗҒ).
Ұйымдастырушы: «Оратор» интелектуалды пікірсайыс клубы.
Байланыс: Иса Тоқтыбаев, +77758736199.