«Тәуелсіздік Дәуірі» кітабын талқылауға байланысты халықаралық ғылыми конференция өткізеді

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры және ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты «Қазақстан жолы. Тәуелсіздік дәуірі» атты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік Дәуірі» кітабын талқылауға байланысты халықаралық ғылыми конференция өткізеді. Конференция барысында қазіргі заманғы тарих ғылымының өзекті мәселелері, ұлттық тарихи мектептердің ерекшеліктері және посткеңестік мемлекеттердегі тарихи білім беру мәселелері талқыланады. Сол күні Еуразия кеңістігіндегі Тарих институты директорлары мен жетекші ғалымдарының Еуразия тарихшыларының Форумын өткізу жоспарланған.

Өткізетін орны және уақыты: Астана қаласы, «Назарбаев-Орталығы», Ә.Бөкейханұлы көшесі, 1 үй. 2018 жыл, 27 ақпан, сағат 10:00.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

1. Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының тарихи маңызы.

2. Тарих ғылымының жаңа жетістіктері негізіндегі ұлттық тарих.

3. Оқулық-Еуразиялық кеңістіктегі рухани жаңғырудың тарихи мүмкіндігі: табыстар, сабақтары және проблемалары.

Форум жұмысының негізгі бағыттары:

1. Евразия кеңістігіндегі қазіргі тарих ңылымының өзекті мәселелері;

2. Тарих ғылымының жаңа жетістіктері контекстіндегі ұлттық тарих;

3. Оқулық – Еуразия кеңіістігіндегі интеллектуалды жаңару үшін мүмкіндік: жетістіктері, сабақтары, мәселелері.

Конференция жұмысы жүргізілетін тілдер: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференция жұмысына қатысу үшін 2018 жылдың 20 ақпанына дейін Ұйымдастыру Комитетіне Сұраныс және Баяндаманың электронды нұсқасын жіберу қажет.

Ұйымдастыру комитеті ғылыми жинақ материалдарының электронды нұсқасын конференцияға дейін шығаруды жоспарлауда.

Байланыс телефондары: +7 (7172) 740645, +7 702 6101709 – Арынова Зәуре.

E-maіl: z_k_71@bk.ru

 

Ақпараттық хат