«Хантағы мұрасы – ұрпаққа аманат» атты ғылыми-теориялық халықаралық конференция

«Хантағы ауылы әкімі аппараты» ММ-сінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 23-24 сәуір күндері Кентау қаласы Хантағы ауылында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Хантағы мұрасы – ұрпаққа аманат» атты ғылыми-теориялық халықаралық конференция өткізеді.

Конференция мына бағытта жұмыс жасайды:

· Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Хантағы ауылының тарихын;

· «Хантағы» атауының шығуын талқылау;

· Өңірді жалпы жұртқа насихаттау.

Конференцияға қатысуға: ғалымдар, оқытушылар, магистранттар, докторанттар, ЖОО студенттері, іргелес пәндер (география, тарих, әдебиет т.б.) мамандары шақырылады.

Жұмыс тілдері: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі.

Мақала авторының саны 4-адамнан аспауы қажет. Дайын материалдарды конференцияның басталуына дейін жарияламақ жоспарлануда, сол себепті уақытынан кейін келген немесе жариялану талаптарына сәйкес келмеген баяндамалар қабылданбайды.

Конференцияға қатысу үшін 2018 жылдың 25 наурызына дейін келесі мекен-жайға hantagy18@mail.ru баяндамалардың мәтіндері мен қатысу өтінішін жіберу керек.

Өтінішсіз және талапқа сәйкес келмеген мақала жарияланбайды. Жол ақысы мен тұру ақысы өз қаражаты есебінен.

Конференцияға қатысты сұрақтар бойынша Ұйымдастыру комитеті мүшелеріне байланысуларыңызды сұраймыз. Телефондары: +7(72536)48196, (+77075880352 Байбеков Асхат Абдешұлы), (+77782927585 Самат Расұл Әбдімүтәліұлы).

Ақпараттық хат