«Заманауи медицина: дәстүрлер мен инновациялар» атты I Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Сіздерді 2018 жылдың 16-17 наурыз аралығында Түркістан қаласында өтетін     «Заманауи медицина: дәстүрлер мен инновациялар» атты I Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырамыз.

Іс-шараның басты мақсаты – студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық қызметтегі ғылыми әлеуетін, білімін мен дағдыларын жетілдіру және медицина саласындағы өзекті мәселелерді талқылау.

Конференцияға қатысуға студенттер мен жас ғалымдар шақырылады.

Қатысу түрлері:

1. Тезистерді жариялау + ауызша баяндама

2. Тезистерді жариялау

3. Тыңдаушы

Конференцияның жұмыс бағыттары:

1. «Фундаментальды пәндер» секциясы төменде көрсетілген бөлімдерді қамтиды:

1.     Молекулалық биология және медициналық генетика

2.     Адам анатомиясы

3.     Гистология, эмбриология, цитология

4.     Қалыпты физиология

5.     Биологиялық химия

6.     Микробиология иммунологиямен және вирусологиямен

7.     Әскери дайындық және экстремалды медицина

8.     Фармакология

9.     Медициналық генетика

10.   Жедел жәрдем негіздері

11.   Апат медицинасы

 

2. «Клиникалық пәндер» секциясы төменде көрсетілген бөлімдерді қамтиды:

1.    Патологиялық анатомия

2.    Патологиялық физиология

3.    Ішкі аурулар пропедевтикасы

4.    Жалпы хирургия

5.    Радиациялық диагностика және радиациялық терапия

6.    Жедел хирургия

7.    Дерматовенерология

8.    Хирургиялық аурулар

9.    Ішкі аурулар, ҰШЖ

10.  Урология

11.  Акушерлік және гинекология

12.  Эндокринология

13.  Фтизиопульмонология

14.  Педиатрия

15.  Неврология және нейрохирургия

16.  Травматология және ортопедия, GPH

17.  Поликлиникалық терапия

18.  Балалар хирургиясы

19.  Психиатрия және наркология

20.  Жұқпалы аурулар

21.  Сот медицинасы

22.  Балалардың жұқпалы аурулары

23.  Офтальмология

24.  Физиотерапия

25.  Медициналық оңалту

26.  Онкология

27.  Анестезиология және реаниматология

 

3. «Теориялық пәндер» секциясы төменде көрсетілген бөлімдерді қамтиды:

1.   Жалпы химия

2.   Биоорганикалық химия

3.   Биофизика

4.   Физика

5.   Валеология

6.   Қоғамдық денсаулық сақтау және денсаулық сақтау

7.   Жалпы гигиена және экология

8.   Эпидемиология

9.   Коммуникативті дағдылар

10. Медициналық психология

11. Құқық негіздері

 

Әр секция бойынша келесі жүлделер бар: 1 орын – бір қатысушы, II орын – екі қатысушы, III орын – үш қатысушы. Конференцияның барлық қатысушыларына секциялық мәжілістерге және мастер класстарға қатысқаны үшін сертификаттар беріледі.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, түрік, ағылшын

Конференция қорытындысы бойынша тезистер жинағы шығарылады (барлық конференцияға қатысушылар жинақтың электронды нұсқасын алады).

Жұмыстарды тапсырудың соңғы күні: 3 наурыз 2018 жыл 23:59 Астана уақыты бойынша.

Конференцияға келуге байланысты шығындар жіберуші тарап есебінен жүзеге асырылады, жатын орынмен және тамақтану (таңғы және түскі ас), сондай-ақ көлік шығындарын ұйымдастыру комитеті қамтамасыз етеді.

Конференцияның өткізілу мекен-жайы: Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Б. Саттарханов көшесі, №29, Түркістан қаласы, Оңтүстік Қазақстан облысы.

 

Ақпараттық хат