Құрметті әріптестер, студенттер!
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің саясаттану кафедрасы «Саясаттанушылар клубы» және «ЕҰУ Студенттердің Ғылыми Қоғамымен» бірлесе отырып 2018 жылдың 14-24 ақпан күндері аралығында «Қазіргі Қазақстанның саяси ғылымын дамытудағы заманауи сандық мүмкіндіктер» атты қысқы мектебіне қатысуға шақырады.
Қысқы мектептің мақсаты – жас ізденшулер мен білім алушыларға саяси ғылымдағы тәжірибелік дағдыларды меңгеруді, инновациялық технологиялар мен ғылыми зерттеу әдістерін игеруді үйрету. Қысқы мектепке қатысуға ҚР ЖОО «5В050200-САЯСАТТАНУ» білім бағдарламасының және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың 1-4 курс білім алушылары шақырылады.
Қысқы мектептің бағдарламалық жоспары мен мазмұны жөніндегі толық ақпарат саясаттану кафедрасының әлеуметтік желідегі ресми парақшасында орналасқан. Сілтеме: https://vk.com/sayasattanu01 Қысқы мектепке қатысу шарты: – Тіркеу формасын онлайн режимінде 2018 жылдың 13 ақпанына дейін толтыру қажет. Сілтеме: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdd88GnHqXO_v1xguFf3agMMOX6mJTlFldLVao2IoARitdvA/viewform.
Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: 010005, Астана қаласы, А. Янушкевич көшесі, 6. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Саясаттану кафедрасы. №4 оқу корпусы, 323 кабинет.
Тел.: 8(7172) 70-95-03 (ішкі: 35-213), +7(707)662-1452 (Болатұлы Нұржан).