«Жастар шығармашылығы – Қазақстанның инновациялық дамуына» студенттерің, магистранттардың және жас ғалымдардың IV Халықаралық ғылыми-техникалық конференциясы

2018 ж. 12-13 сәуір аралығында Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті «Жастар шығармашылығы – Қазақстанның инновациялық дамуына» студенттерің, магистранттардың және жас ғалымдардың IV Халықаралық ғылыми-техникалық конференциясына шақырады.

Конференцияда қарастырылатын бағдарламалар: пленарлық отырыс (конференцияның ашылуы, негізгі баяндама), секциялық (конференцияға қатысушылардың қатысуы) және қортынды отырыс.

Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша жүргізіледі:

1. Құрылыс және архитектура инновациясы ;

2. Экономиканы басқару мәселелері қоғамның инновациялық дамуы;

3. Тау кең-металлургиялық саласыныңкөкейкесті мәселелері;

4. Білім,ғылым және техникада, информамациялық-комуникациялық технологиялар(ИКТ);

5. Энергетика және энергия үнемдеу;

6. Машина жасау,транспорт және агроөнеркәсіп саласында инновациялық дамуы;

7. Әлеуметтiк-гуманитарлық ғылыми рөлі және шет тілдерінде инновациялық процестерді дамыту;

8. Әскери ғылым және дене шынықтыру

Өтінім және баяндамалар уйымдастыру комитетіне 2018 жылдың 10 науырызға дейін ұсынылуы керек. Белгіленген мерзімнен кеш түскен өтінім қарастырылмайды, баяндамалар жарияланбайды.

ШҚМТУ студенттері үшін материал жинағы 1500 теңге. Басқа ЖОО студенттері үшін матерал жинағы 3500 теңге.Колледж және мектеп оқытушылар үшін 3000 теңге.

Мекен-жайы: 070004 Өскемен қ., Протазанов көшесі, 69

Байланыс: 8 -(7232 ) 26-91-68, 26-05-40, e-mail: vkgtu-conf@mail.ru.

Ақпараттық хат