«Рухани жаңғыру және тіл білімі мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция

Қадірлі әріптестер!

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы халыққа Жолдауын насихаттау мақсатымен 2018 жылдың 16 наурыз Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор М.С.Серғалиевтің 80 жылдығына орай «Серғалиев сабақтары-2018» аясында «Рухани жаңғыру және тіл білімі мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясының өтетінін хабарлайды.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

– Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылы 10 қаңтардағы халыққа «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы және тіл білімінің міндеттері;

– Рухани жаңғыру барысындағы тіл мен әдебиеттің орны;

– «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының орындалуына филология ғылымының қызметі;

– Дәстүрлі тіл білімінің жетістіктері және ХХІ ғасырдағы тіл білімінің жаңа парадигмалары;

– Дәстүрлі әдебиеттанудың жетістіктері және ХХІ ғасырдағы әдебиеттанудың жаңа парадигмалары

Конференция материалдары жинақ түрінде жарық көреді. Талапқа сай емес мақалалар қабылданбайды. Мақала мазмұны үшін ұйымдастыру комитеті жауап бермейді. Ұйымдастыру комитеті және редакциялық комиссия конференцияға келіп түскен мақалаларды таңдау және жариялау құқығын өзінде қалдырады.

Мақала 2018 жылдың 28 ақпанға дейін қабылданады. Ұйымдастыру жарнасы 3000 теңге.

Мақалалар мына мекенжайда қабылданады:

E:mail: sergaliev_m@mail.ru

Астана қаласы, Қажымұқан, 11.

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ қазақ тіл білімі кафедрасы (ОЗҒ 201).

           Жауапты оқытушы: Қ.Қ. Сарекенова 87013665075

 

 

Ақпараттық хат