«Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасын жетілдірудің болашағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының 7-міндетін іске асыру шеңберінде өткізілетін қылмыстарды сотқа дейінгі тергеу кафедрасының 20 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасын жетілдірудің болашағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырамыз.

Конференция 2018 жылғы 25 мамырда өтеді. Конференция жұмысы төмендегідей секциялар бойынша өткізіледі:

1. Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасын жетілдірудің болашағы

2. Қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізудің заманауи проблемалары

3. Сотқа дейінгі іс жүргізуде жедел-криминалистикалық және іздестіруді қамтамасыз ету мәселелері.

Конференцияның жұмысына қатысу үшін 2018 жылғы 12 наурызға дейін ұйымдастыру комитетіне мыналарды ұсыну қажет:

·  Қазғаз және электронды нұсқада мақала (талаптар қоса тіркеледі);

·  Мақала талқыланған кафедра (орталық) отырысы хаттамасының көшірмесі;

·  Ғылыми дәрежесі жоқ тұлғалар үшін – ғылыми мақаланың тақырыбы бойынша ғылым кандидатынан (докторынан) оң рецензия.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын. Көрсетілген мерзімнен кеш ұсынылған және талаптарға сай ресімделген мақалалар жарияланбайды.

Мекен-жайы: 100021, Қарағанды қаласы, Ермеков көшесі, 124, Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы.

Байланыс: 8 707 544 20 67 – Қалиев Асқар Қадырұлы (кафедра бастығы), 8 747 421 78 11 – Шульгин Евгений Петрович (кафедра оқытушысы).

E-mail: academy@kzi.kz.