«Тілдерді оқыту әдістемесін жетілдіру және озық тәжірибелер алаңы» атты ІІ Халықаралық дәстүрлі ғылыми-әдістемелік семинар

Құрметті әріптестер, қонақтар!

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Қазақстан Республикасы), Қазан федералды университеті Л.Толстой атындағы филология және мәдениетаралық коммуникациялар институты (Татарстан Республикасы, Ресей) және Еге университеті (Түркия Республикасы) арасындағы ғылыми ынтымақтастықты нығайту мақсатында ұйымдастырылып отырған «Тілдерді оқыту әдістемесін жетілдіру және озық тәжірибелер алаңы» атты ІІ Халықаралық дәстүрлі ғылыми-әдістемелік семинарға қатысуға шақырамыз.

Халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар 2018 жылдың 20 ақпанында өткізіледі.

Талқыланатын мәселелер:

Тілдерді ана тілі ретінде оқыту мәселелері;

Тілдерді екінші тіл ретінде оқыту мәселелері;

Тілдерді заманауи оқыту және инновациялық технологиялар;

Халықаралық ғылыми-әдістемелік семинарға қатысу: тікелей және онлайн.

Халықаралық ғылыми-әдістемелік семинарға қатысу үшін ұйымдастыру комитетіне:

–         қатысуға өтінім;

–         баяндама мәтінін жолдау қажет.

Жұмыс тілі: қазақша, татарша, түрікше, орысша, ағылшынша.

Халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар материалдары бойынша жинақ шығарылады деп жоспарлануда (PDF форматында).

Ұйымдастыру комитеті өтінім мен мақаланы 2018 жылдың 10 ақпанына дейін қабылдайды. Ұйымдастырушы тарап баяндамаларды іріктеуге құқылы.

Байланыс: 010008, Қазақстан, Астана қаласы, Қажымұқан көшесі 11, оқу-зерттеу ғимараты. Ауд. 212, 213.

Тел.: 709-500 (ішкі: 32-233; 32-203).

Өтінім мен мақала төмендегі электронды адрес бойынша қабылданады:

Bayan1968@mail.ru,assanova_62@mail.ru (қазақ тіліндегі материалдар)

bakyt_zhienalina@mail.ru (орыс,қытай тілдеріндегі материалдар)

kadria.kgu@mail.ru (татар,түрік тілдеріндегі материалдар)

khalinet@gmail.com (ағылшын,неміс,француз тілдеріндегі материалдар)

Халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар туралы ақпарат Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ филология факультетінің http://ff.enu.kz/ ресми сайтында орналастырылған.

 

Ақпараттық хат