«KADEX-2018» V Халықаралық қаруландыру және әскери-техникалық мүлік көрмесі

Қазақстан Респбуликасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздің комитеті 2018 жылғы 23-26 мамыр аралығында Астана қаласында өтетін «KADEX-2018» V Халықаралық қаруландыру және әскери-техникалық мүлік көрмесіне шақырады.

«KADEX» көрмесі 2010 жылдан бастап өткізіліп келеді және осы кезеңде өзін әлемдік қаруландыруды, әскери және арнайы техниканы, ақпараттық жүйелер саласындағы технологияларды көрсету үшін үздік әлемдік алаңдар ретінде көрсете білді.

Аталған көрменің шеңберінде ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті алғаш рет 2018 жылы 14 мамырда келесі тақырыптар бойынша ақпараттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі конференция өткізуді жоспарлап отыр:

· Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұлттық тәсілдері туралы (баяндамашылар: ұлттық реттеушілер);

· Техникалық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелерін қорғау ерекшеліктері (баяндамашылар: АҚИАМО АҚ саладағы жұмысшылар);

· Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шешімдер (спикерлер: АҚИАМО АҚ қамтамасыз ету бойынща өнімдерді енгізетін коммерциялық ұйымдар).