«Қазақ хандарының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық соғысындағы рөлі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

Құрметті әріптестер!

 

Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығына және Орбұлақ шайқасындағы жеңіске 375 жыл толуына орай «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі «Қазақ хандарының жоңғар шапқыншылығына

қарсы азаттық соғысындағы рөлі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысуға шақырады. Конференция Түркістан қаласында өтеді.

Конференция тақырыбының негізгі бағыттары:

1. Орбұлақ шайқасының тарихтағы орны мен маңызы.

2. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресінің тарихи кезеңдері.

3. ХVІІ-ХVІІІ ғғ. қазақ хандығының саяси құрылымы мен жағдайы.

Конференцияның ресми тілдері: қазақ және орыс.

Конференцияға Республикамыздағы тарих, филология, философия, шығыстану, мәдениеттану салаларының ғалымдары мен тарихи-мәдени мұраларды қорғау мамандары, қорық және тарихи-өлкетану музейлері және ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарының қызметкерлері қатысады. Конференцияның материалдары жинақ түрінде алдын ала шығарылады.

Өтетін уақыты: 20 сәуір, 2018 жыл

Өтетін орны: Түркістан қаласы, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК

Конференцияның ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:

161200, ҚР ОҚО, Түркістан қаласы, Тәуке хан даңғылы 282 А, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі, тел (факс) 8(725-33) 3-23-00, e-mail: azret-sultan @mail.ru

 

Ақпараттық хат