«Жастар және дәуір келбеті» атты республикалық жастар форумы

Сізді 2018 жылы 22 ақпан күні сағ. 10.00-де Астана қаласындағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ҚР Тұңғыш Президенті аудиториясында (№208 ауд.) өтетін «Жастар және дәуір келбеті» атты республикалық жастар форумына қатысуға шақырамыз.

Форумның мақсаты: студент-жастардың отансүйгіштік сезімін дамыту, еліміздің егемендік тарихын кеңінен насихаттау.

Форумның міндеттері:

· ЕҰУ студенттерін саяси ақпаратпен қамтамассыз етіп, қоғамдық пікір топбасшыларының көзқарастарымен таныстыру;

· жастардың заманауи әлеуметтік-саяси ұстанымдарын қалыптастыру;

· студент-жастарға Қазақстан қоғамының болашағы үшін жауапкершіліктерін түсіндіру.

Форумның жұмыс тілдері: қазақ және орыс тілдерінде.

Форумға келу шығыны қатысушы тарап есебінен жүргізіледі.

Форумға қатысу үшін www.enu.kz сайтында онлайн тіркелуден өтіп немесе тіркелу үлгісін толтырып ompenu@mail.ru электрондық мекен-жайына жіберулеріңізді сұраймыз.

Ақпараттық хат

Тіркеу формасы