5В020300 – «Тарих» мамандығы бойынша X Республикалық студенттердің пәндік олимпиадасы өтеді

Құрметті әріптестер!

Астана қаласының Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 2018 жылдың 30-наурызда өткізілетін 5В020300 – «Тарих» мамандығы бойынша X Республикалық студенттердің пәндік олимпиадасына қатысуға шақырамыз.

Олимпиаданың мақсаты: студенттердің шығармашылық қабілеттерін ашып көрсету, дарынды студенттерді іріктеу және қолдау; студенттердің интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыруда көмек көрсету; қазіргі ғылыми мәселелерді шешуге студенттер мен жас ғалымдарды тарту; ғылымға деген қызығушылықтарын дамыту.

Олимпиадаға Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарындағы 5В020300 – «Тарих» мамандығы бойынша оқитын студенттер қатыса алады. Оқу орны жіберетін тобын өзі шешеді. Топ 4 студенттен құралып, оның құрамында 1-4 курс студенттері болуы тиіс (оқу қазақ және орыс тілдерінде).  

Олимпиаданың жұмыс тілдері: қазақ және орыс.   

Олимпиаданың ұйымдастыру комитетіне құжаттар тапсыру тәртібі

Студенттің өзімен бірге жеке және студенттік куәліктері болуы шарт.

Республикалық студенттік пәндік олимпиадаға қатысуға өтінімдер 2018 жылдың 20-наурызға дейін қабылданады. Арнайы бланктің электрондық нұсқасы толтырылуы шарт (әрбір қатысушы үшін толтырылады).

Қосымша ақпарат алу үшін мына мекен-жайға хабарласыңыз: 010010, Астана қаласы, Пушкин көшесі 11, (ФИТ ғимараты) Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Тарих факультеті, Қазақстан тарихы кафедрасы, 312  кабинет.

Олимпиаданы ұйымдастыруға және өткізуге жауаптылар:

1. Гүлнәр Мұсабалина – тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, +7 777 666 61 34

2. Самал Қабылтаева – PhD докторы, +7 778 734 82 92 Электрондық пошта: history_olimp@mail.ru

Олимпиадаға қатысуға байланысты барлық шығындар (жол жүру, тамақ, тұру) жіберуші тарапынан жүзеге асырылады.

Ақпараттық хат