«Көліктегі инновациялық технологиялар: білім, ғылым, тәжірибе» атты XLII Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

2018 жылдың 18 сәуірінде М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Жолдауын іске асыру шеңберінде оқытушылар, жас ғалымдар, PhD докторанттар, аспиранттар, магистранттар мен жоғары оқу орындарының студенттері үшін «Көліктегі инновациялық технологиялар: білім, ғылым, тәжірибе» атты XLII Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары (секциялары):

1. Темір жол көлігінде автоматика жүйесін дамыту болашағы.

2. Темір жол саласындағы радиоэлектрондық және телекоммуникациялық технологияларды дамыту.

3. Электр энергетикасындағы өзекті мәселелер.

4. IT инновациялар.

5. Тасымалдау процесін ұйымдастырудағы инновациялық тәсілдер.

6. Логистикалық жүйелер мен көліктегі тасымалдау процесінің технологиялары.

7. Қазіргі жағдайда салалық және өңірлік экономикасын басқару.

8. Темір жол жылжымалы құрам.

9. Көлік құрылысындағы инновациялар.

10. Автомобильдер, жол техникасы және стандарттау.

11. Тіршілік қауіпсіздігі және экология.

12. ЖОО студенттердің үштілді құзыреттілігін қалыптастыру.

13. Қазіргі заманның жаһандық сын-тегеуріндері тұрғысындағы жаңа әлеуметтік мүмкіндіктер.

14. Жаратылыстану-ғылыми пәндердің өзекті мәселелері.

15. Дене шынықтыру және спорт.

Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын. Конференцияға ұсынылатын баяндамада өзекті ғылыми зерттеулердің нәтижелері немесе маңызды практикалық мәні болуы тиіс. Күндізгі қатысқан студенттердің үздік баяндамалары дипломдармен марапатталады және ұйымдастыру комитетінің шешімімен конференция еңбектерінің жинағына енгізіледі. Конференцияға қатысу түрі – күндізгі / сырттай. Конференция қорытындысы бойынша ЕЭБ кіретін ISBN халықаралық нөмірі берілетін конференция материалдарының жинағы жарық көреді. Баяндамалар мен тіркеу үлгісін ұсыну мерзімі – 2018 ж. наурыз айының 19 дейін.

Шеттен келген авторлар үшін бір мақаланы жариялау құны және жинақтың Pdf нұсқасын алу – 1605 теңге, сол сияқты басқа ЖОО білімалушылары үшін – 1070 теңгені құрайды. Шеттен келген авторлар үшін бір мақаланы жариялау құны және конференция материалдары жинағының баспа нұсқасын (жөнелтілімсіз) алу – 3210 теңге, сол сияқты басқа ЖОО білімалушылары үшін – 1605 теңгені құрайды.

Конференция келуге, қонақ үйде тұру байланысты шығындар конференцияға қатысушылардың есебінен жүзеге асырылады. Шетелден келіп қатысушылардың мақалалар жинағында мақаласын ақысыз басуға құқығы бар.

Конференцияны ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: 050012, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Шевченко к-сі, 97, М. Тынышпаев атындағы ҚазККА, 2718 бөлме.

Тел.: +7(727)292-23-12, факс: 292-44-85.

E-mail: onpk@kazatk.kz XLII Халықаралық ғылыми-практикалық конференция туралы ақпарат www.kazatk.kz сайтында орналасқан.

Ақпараттық хат