«Жастар және ғылым: шетел филологиясы, лингводидактика және мәдениетаралық қарым-қатынас сұрақтары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру аясында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің шетел филологиясы кафедрасы 2018 ж. 2 наурызында студенттер, магистранттар, докторанттар және жас ғалымдарға арналған «Жастар және ғылым: шетел филологиясы, лингводидактика және мәдениетаралық қарым-қатынас сұрақтары» халықаралық ғылыми-практикалық конференцияны өткізбек.

Талқылауға төмендегі сұрақтар ұсынылады:

·        Шетел филологиясының өзекті мәселелері

·        Шет тілді оқытуды цифрландыру

·        Шет тілдерін оқытудағы IT-технологиялар

·        Отандық және шетелдік ғылымдағы әдебиетттану және аударма

·        Лингводидактиканың заманауи бағыттары 

·        Жәһандану дәуіріндегі мәдениетаралық қарым-қатынас сауалдары

Қатысуға шетел филологиясы, аударма, шет тілді коммуникация, лингводидактика саласында зерттеу жүргізіп жатқан жоғары және орта арнайы білім беру мекемелерінің студенттері, магистранттар, докторанттар және жас ғалымдар шақырылады.

Онлайн қатысу қарастырылмайды.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын, неміс, француз.

Баяндамалар ғылыми жетекшінің пікірімен бірге қабылданады. Ең үздік баяндамалар дипломмен марапатталады. Ұйымдастырушы комитеттің іріктеп алған материалдары конференцияның алдында арнайы жинақта жарияланады.

Қатысу ақысы – 2500 теңге.

Қатысуға өтініш 2018 ж. 14 ақпанға дейін қабылданады. Электронды пошта: conference.st.2018@gmail.com («Конференция» деген тақырыппен) немесе келесі мекен-жайымыз бойынша: Қазақстан, Астана қ, Мұнайтпасов көш., 11, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, филологиялық факультет, шетел филологиясы кафедрасы, 328 каб.

Байланыс телефоны: 8 (7172) 709-500 (ішкі: 32-318), 87771153484.

Басталуы: 10.00

Ақпараттық хат