«Студенттер арасында деструктивті діни ағым идеяларының таралуын алдын алу: мәселелер, ізденістер, шешімдер» атты семинар

24 қаңтар күні «Студенттер арасында деструктивті діни ағым идеяларының таралуын алдын алу: мәселелер, ізденістер, шешімдер» тақырыбында семинар өтеді.

Семинардың мақсаты: Студенттер арасында деструктивті діни ағым идеяларының таралуының алдын алу бағытында әдістемелік бағдар беру.

Қатысушылар: студенттермен жұмыс жөніндегі декан орынбасарлары, кафедралардың аға кураторлары мен академиялық топ кураторлары.

Семинарға қатысуға Дін істері және азаматтық қоғам министрілігінің өкілдері, ҚР Парламенті мен Астана қалалық мәслихат депутаттары, Астана қаласы Дін істері басқармасы, дін саласын зерттеуші мамандар мен Астана ЖОО-ның тәрбие ісі жөніндегі проректорлары, жастар ісі комитетінің төрағалары шақырылған.

Семинарды ұйымдастырушылар: Әлеуметтік және азаматтық даму жөніндегі департаменті Әлеуметтік ғылымдар факультетімен бірлесіп.

Басталуы: сағат 10:00

Өтетін орны: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің оқу-әкімшілік (бас) ғимараты, 259 ауд.