«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде инновациялық білім беру ортасын қалыптастыру» атты әдістемелік онкүндік

2018 жылдың 24 қаңтарынан 2 ақпанына дейін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде инновациялық  білім беру ортасын қалыптастыру» тақырыбында әдістемелік онкүндік өтеді («Digital Kazakhstan» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында).

Әдістемелік онкүндіктің мақсаты – профессор-оқытушылар құрамының кәсіби құзыреттіліктерін арттыру  және білім беру процесін цифрландыру аясында олардың алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелерін «Университет 4.0» моделіне көшу шеңберінде қолдану.

Әдістемелік онкүндіктің негізгі міндеттері:

-факультеттерде кадр дайындаудың ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық тәжірибелерін ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуын ескере  отырып талқылау және оқыту әдістемесін жетілдіру мақсатында оларды жас оқытушылардың арасында тарату; 

– оқытудың жаңа, инновациялық әдістерін іздестіру және оларды оқу үрдісінде қолдану;

– студенттерге бағдарланған оқыту әдістерін қалыптастыруда оқыту әдістеріне қатысты жалпы көзқарастарды дамыту;

– оқыту әдістеріне қатысты ғылыми зерттеулер бағыттарын анықтау.

Қатысушылар – декандар, кафедра меңгерушілері, департамент директорлары, бөлім жетекшілері, ПОҚ.

Сондай-ақ әдістемелік онкүндікте факультеттердің ПОҚ-ның ғылыми еңбектерінің көрмесі өтеді.

Қарастырылатын сұрақтар бойынша мәліметтерді және өтетін орны мен уақыты туралы ақпаратты әдістемелік онкүндіктің бағдарламасынан көруге болады.       

Барлық сұрақтар бойынша Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің оқу-әдістемелік жұмыстар бөліміне хабарласыңыз, ішкі тел .: 8 (7172) 70-95-00, ішкі: 33-125

Бағдарлама