Қазақ ұлттық аграрлық университетінде 2018 жылдың 22 қаңтарынан 3 ақпан аралығында «Халықаралық қысқы мектеп – 2018» жұмыс істейді.
Мектеп келесі бағыттар бойынша өткізіледі: «Су ресурстарын басқару», «Жасыл экономика», «Ветеринария», «Ауыл шаруашылығындағы инновациялық технологиялар және техникалық құралдар», «Табиғи ресурстарды басқару», «Өсімдік шаруашылығындағы агроинновация», «мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы».
2018 Халықаралық қысқы мектебінің мақсаты – жаңа білім, тәжірибелік дағдыларды меңгеру, инновациялық технологиялар мен ғылыми зерттеу әдістерін игеру.
2018 Халықаралық қысқы мектебіне қатысу шарттары:
– Қатысушының тіркеу формасын 2018 жылдың 15 қаңтарына дейін толтыру қажет (1-қосымша);
– тіркеу формасының электронды нұсқасын kaznauipo@gmail.com электрондық мекен-жайына жіберіңіз.
Халықаралық қысқы мектеп-2018 қатысушылары STARTUP жобалар байқауына қатыса алады. Үздік жобалар марапатталады.
Қатысушылар ҚазҰАУ-нің «Ізденістер, нәтижелер – исследования, результаты» ғылыми журналында ауыл шаруашылығы, ветеринариялық, биологиялық, техникалық және экономикалық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулердің өзекті мәселелері бойынша ғылыми мақалаларын жариялай алады.
Ұйымдастыру комитеті
050010, Алматы қ., Абай даңғылы, 8
Қазақ ұлттық аграрлық университеті
Байланыс телефондары:
8 (727) 262-17-63;
8 (727) 264-19-95.