20-21 қаңтарда «Халықаралық білім беру көрмесі – 2018» өтеді

Жастар саясаты мәселелері басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ 2018 жылғы 20-21 қаңтарда «Халықаралық білім беру көрмесі – 2018» өткізеді.

Іс-шараның мақсаты әлемдік білім беру кеңістігіне бірігу, шетелдегі білім беруді дәріптеу, сонымен қатар халықыралық білім беру жобаларын жүзеге асыру аясында тәжірибе алмасу мақсатында білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту болып табылады.

Халықаралық білім беру көрмесі жұмысына қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарының өкілдері (АҚШ, Ұлыбритания, құрлықтық Еуропа, Азия және ТМД елдері), тілдік мектептер, білім беру агенттіктері, халықаралық стипендия бағдарламалары, сонымен қатар мектептердің, колледждердің, жоғары оқу орындарының шетелде оқу/тағылымдамадан өту бағдарламаларына қызығушылық танытқан түлектері қатысады.

 

Өтетін орны: Астана қ., «Rixos President Astana» қонақ үйі, Д. Қонаев көшесі, 7.