19 қаңтар күні техникалық мамандықтардың бітіруші курс студенттерімен кездесу өтеді

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Академиялық мәселелер департаменті Карьера және бизнес-әріптестік бөлімі және «Қазаэронавигация» РМК-сы бірлесе отырып 2018 жылғы 19 қаңтар күні сағат 16:00-де техникалық мамандықтардың бітіруші курс студенттерімен кездесу өткізуді жоспарлап отыр. «Қазаэронавигация» әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерлерін оқыту курстарына шақырады. Сондай-ақ, Компания есебінен шетелде білім алу мүмкіндігі бар. Кәсіби даярлау курсын аяқтаған маман толықтай жұмыспен қамтылады.

Кездесу Сәтбаев көшесі, 2, бас ғимарат 112 аудиториясында өткізіледі. Келіңіз, мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!

 

Байланыс: 8 701 697 10 43 (Прекешева Меруерт Маратқызы)