«Математиканың өзекті мәселелері» атты ғылыми конференция

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 2018 жылдың 27-28 сәуірінде Қазақстан Республикасы Түркістан қаласында  Қазақстан математиктерінің «Математиканың өзекті мәселелері» атты ғылыми конференция өткізеді.

Конференция бағдарламасы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде пленарлық және секциялық баяндамалар ұсынады.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

секция 1. Дифференциалдық теңдеулер

секция 2. математикалық физика теңдеулері.

секция 3.функциялар теориясы және функционалды анализ

секция 4. алгебра,математикалық логика және геометрия

секция 5. математикалық және компьютерлік үлгілеу, ақпараттық технологиялар.

секция 6. заманауи математикалық білімнің өзекті мәселелері.

Конференцияның жұмыс тілі – қазақ, орыс және ағылшын.

Конференция 2018 жылдың 27-28 сәуір аралығында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде өтеді. Мекен-жайы: 161200, Қазақстан Республикасы, Түркістан қ., Б.Саттарханов даңғылы 29.

2018 ж. 1 наурызына дейін sarsenovbak@mail.ru электронды мекен-жайы бойынша баяндамаға өтініш толтырылады және электронды тіркеледі.

Ұйымдастырушылық, басып шығару, полиграфиялық шығындардың және конференция материалдарының жинағын жіберу бойынша шығындардың орнын толтыру мақсатында авторларға бір жарияланым үшін 3500 теңге мөлшерінде ұйымдастырушылық жарнаны төлеу қажет. Бір жарияланымның жалпы көлемі 5 беттен аспайды. Бір автордың жарияланым санына шектеу қойылмайды.

Ұйымдастырушы комитетінің мүшелері:

+77779599897 (Бақанов Галитдин Бақанұлы), e-mail: gbakan58@mail.ru;

+77015241740 (Сарсенов Бакытбек Темірбекұлы), e-mail: sarsenovbak@mail.ru;

+77058987216 (Қошановай Майра Данабекқызы), e-mail: maira.koshanova@ayu.edu.kz.

Конференция туралы ақпарат http://www.ayu.edu.kz сайтында жрияланған.

 

Ақпараттық хат