«Кредиттік оқыту технологиясының талаптары бойынша жұмыс журналдары мен құжаттарын жүргізу» атты курс

2018 жылдың 15-19 қаңтары аралығында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Экономика факультетінің Педагогикалық шеберлік мектебі профессор-оқытушылар құрамы үшін «Кредиттік оқыту технологиясының талаптары бойынша жұмыс журналдары мен құжаттарын жүргізу» атты курстың өткізілуін ұйымдастырады.

Жас оқытушылар үшін ғана емес, сондай-ақ университетіміздің профессор-оқытушылар құрамына арналған семинарда эдвайзер жұмысын ұйымдастыру жағынан кәсіби көмек, мамандық бойынша базалық және бейіндік пәндерді оқыту үрдісінде интерактивті әдістерді қолдануға арналған кеңестер, университеттің ішкі нормативтік құжаттарымен жұмыс жасау және АИС КРІ көрсеткіштерін толтыру, сонымен қатар білім берудің дамуының жаңа тенденциялары жөнінде ақпарат алуға болады.

Барлық тыңдаушылар пән бойынша оқу-әдістемелік кешенді құрастыру, оқу-әдістемелік және электронды басылымдарды шығару бойынша талаптармен және конкурс талаптарымен таныса алады.

Сөз сөйлеушілер:

– Тажикенова С.К. – э.ғ.к, доцент, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ экономика факультетінің академиялық сұрақтар бойынша декан орынбасары.

– Куангалиева Т.К. – э.ғ.к, оқу-әдістемелік жұмыс бөлімінің бастығы.

– Есмагулова Н.Д. – э.ғ.к., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ әдістемелік кабинеттің жетекшісі.

– Жарлгасова Б.Е. – ҚазЭҚХСУ Бақылау және жоспарлау, басқару департаментінің бастығы.

– Алибекова Б.А. – э.ғ.к., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, «Есеп, аудит және талдау» кафедрасының профессор м.а.

– Сандыбаева У.М. – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Сапаны бағалау бөлімінің бастығы.

– Бурганова Р.Э. – ҚазЭҚХСУ Сапаны бағалау бөлімінің бастығы.

Семинарға қатысамын деушілерді шақырамыз. Қатысушылардың тізімін ОЗҒ, 6-қабат, 607 кабинет «Туризм» кафедрасына және asemgul_dream@mail.ru. электронды поштасына жіберсеңіздер болады.

Өтетін орны: ОЗҒ, 8-қабат, 821 аудитория.

Өтетін уақыты: 2018 жылдың 15-19 қаңтар аралығы, 9.00 – 13.00.

Тіркелу: 8.45 – 9.00.

Байланыс: 8 747-186-11-27 (Мұсабаева Әсемкүл Қананқызы  ), 8 701-723-69-72 (Муталиева Ляйля Маратқызы).