«Н.Ә. Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» еңбегі және отандық тарих ғылымының міндеттері» тақырыбында кезекті V Конгресс өтеді

Құрметті әріптестер!

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты еңбегі қоғамда, соның ішінде кәсіби тарихшылар мен гуманитарлық сала мамандарының үлкен рухани сілкінісін туғызды.

Бұл орайда Қазақстан тарихшылары ұлттық конгресі «Н.Ә. Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» еңбегі және отандық тарих ғылымының міндеттері» тақырыбында кезекті V Конгресін өткізеді.

Конгреске республикамыздың тарих-гуманитарлық ғылымдар саласының көрнекті өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, сонымен қатар шетелдік қонақтар қатысады деп күтілуде.

Конгресті өткізудің басты мақсаты – Мемлекет басшысының «Тәуелсіздік дәуірі» кітабында баяндалған тарихи бастамашыл идеяларын талқылау және насихаттау. Осы арнада ұлттық рухани өрлеу және қоғамдық сананың жаңғыру мәселелері, білім беру ісі және тарих ғылымының өзекті мәселелерін талдау, архивтер мен музейлердің жұмысын жаңа сапалық деңгейге көтеру, ұлттық тарих контексіндегі жоғары оқу орындары мен мектеп оқулықтарының мазмұндық жағдайын жақсарту және т.т.

Шара Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 2018 жылдың 19 қаңтары күні сағ. 10.00-де (Астана қаласы,  Қ. Сәтбаев көшесі 2, №259 аудиториясында, университеттің ғылыми кеңес залы) өтеді.

Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын.

Байланыс: Ғылым департаменті, +7 (7172) 709491.

Ақпараттық хат