Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Нургуль Каирбаевна Токжигитованың 6D011100 – «Информатика» мамандығы бойынша «Визуалды программалау бойынша болашақ информатика мамандарының оқу жетістіктерін мульти-критериалды бағалаудың әдіснамасы» тақырыбындағы (PhD) философия докторы дәрежесін алу үшін докторлық диссертация қорғалады.
Диссертациялық жұмыс Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Информатика» кафедрасында орындалған. Қорғау қазақ тілінде өтеді.
Ғылыми кеңесшілер:
Нурбекова Жанат Кунапиановна – профессор, педагогика ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ақпараттық технологиялар факультетінің деканы
Alfredo Pina Calafi – PhD докторы, профессор, Public University of Navarra, Pamplona, Spain.
Рецензенттер:
1. Сағымбаева Айнұр Есенғазықызы – педагогика ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің математика, физика және информатика институты Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының профессоры, мамандығы: 13.00.02 – Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (информатика, білімді ақпараттандыру).
2. Абдиев Қали Сейілбекұлы – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Алматы қ., «Туран» университетінің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры, мамандығы: 13.00.02 – Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (информатика, білімді ақпараттандыру).
Қорғау 2018 жылдың 7 ақпанда, сағат 11.00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өтеді:
Мекен-жайы: 010008, Астана қаласы, Пушкин көшесі, 11, кабинет 216.