Құрметті әріптестер, магистранттар және докторанттар!
әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарих, археология және этнология факультетінің дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы ұйымдастыруымен 2018 жылдың 9 ақпан айында «Құрмет» орденінің кавалері, тарих ғылымдарының докторы, профессор, дүниежүзі тарихын зерттеу РҒЗО директоры, ҚР ҰҒА Академигі, Геттинген университетінің профессоры Қ.Т. Жұмағұловтың 70 жылдығына және ғылыми-педагогикалық қызметінің 50 жылдығына арналған «Интеграция және модернизация жағдайындағы Дүние жүзі тарихы және Еуразиядағы халықаралық қатынастар» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізіледі.
Конференцияның жұмыс бағыттары:
Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстандағы дүниежүзі тарихы;
Қазіргі заманның өзекті мәселелері аясында Еуразиядағы халықаралық қатынастар;
Қоғамның рухани модернизациясы жағдайында отандық тарихтың мәселелері.
Конференцияның жұмыс тілі: қазақ, орыс, ағылшын.
Өткізілу орны мен уақыты: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы 71, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасы, 4 қабат, 2 конференц-зал №408.
Тіркелуі – сағ. 10.00., басталуы – сағ. 11.00. және мерейтойға арналған салтанатты отырыс №416 зал (3 конференц-зал), сағ. 14.00 –де.
Ұйымдастыру алқасаның байланыс телефондары: — (8727) 3773340, вн.1284, 1289. Сот: 87072968748; E-mail:gulzhanbedelova@gmail.com; Ainura.Suinova@kaznu.kz