Мұхтар Әуезовтың туғанына 120 жыл толуына орай академик Ғарифолла Есімнің «Кемеңгер Мұхтар» атты кітабының таныстырылымы өтеді

Қазақтың халық жазушысы, академик Мұхтар Әуезовтың туғанына 120 жыл толуына орай, Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Философия кафедрасының ұйымдастыруымен  қоғам қайраткері, жазушы, академик Ғарифолла Есімнің «Кемеңгер Мұхтар» атты кітабының таныстырылымы өтеді.  

Кітапта – Абай заманы, Мұхтар Әуезов заманы және егеменді ел заманы талқыға салынып, «Абай жолы» романы туралы Советтік дәуірде коммунистік режимге орай жасалған талдауларға сын айтылған. 

«Кемеңгер Мұхтар» кітабының таныстырылымына барлықтарыңызды аса зор ықыласпен шақырамыз. Белсенді түрде қатысып, ең сауатты сұрақ қойған оқырманға автордың қолтаңбасымен кітап тегін тапсырылады.  

Өтетен жері мен уақыты: Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Отырар кітапханасының қызыл залы, 21 желтоқсан, сағат 11.00-де.

Анықтама телефоны: Рауан Кемербай, +701-541-83-23, 709-545