«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында белгілі кәсіпкер, меценат Оралбек Ботбай ЕҰУ студенттерімен кездесу кешін өткізеді

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында белгілі кәсіпкер, меценат Оралбек Ботбай 14 желтоқан күні сағат 15:00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті студенттерімен кездесу кешін өткізеді. Кеште Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ ректоры, профессор Е.Б. Сыдықов, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры, профессор Б. Н. Нүсіпжанова,   ҚР Елтаңба авторы Ж. Мәлібеков, тарих ғылымдарының докторы, профессор Б. Көмеков, белгілі математик М. Өтелбаев, жазушы М. Кемел,  белгілі журналист-публицист Н. Омашев және тағы да басқа ғалымдар қонақта болады.

ҚР БҒМ «Тұлғатану» қоғамдық жобасы ұйымдастырып отырған шарада меценаттың өмірі және қызметі және және жетістікке жету жолдары туралы «Өмір өзен» деректі фильмінің тұсауы кесіледі. Л. Н. Гумилев ат. ЕҰУ мен Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының үздік студенттеріне тағайындаған шәкіртақының марапаттау рәсімі өтеді. Сонымен қатар кәсіпкер жастарды қызықтырған сұрақтарына жауап беріп, кәсіптегі өз тәжірибесімен бөліспек. Сіздерді аталмыш іс-шараның қонағы болуға шақырамыз.

Уақыты: 14 желтоқсан. 2017 ж.  Сағат: 15:00

Өтетін орны: Астана қ. А. Янушкеевич көш., 6. Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ  ӘҒФ (№4 оқу ғимараты) акт залы.

Байланыс үшін: +7 701 208 18 11 Назым. 8775 649 39 95 Абай.

E-mail: naz.kaz@mail.ru

Ақпарат үшін: www.oralbek.kz

 

Қосымша