Құрметті ПОҚ, студенттер, магистранттар, докторанттар және басқа да келем деушілердің назарына!
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы Қолданбалы химия институты, 2011 жылы құрылып, 2013-2014 жылдары табысты зерттеулер жүргізгені үшін жоғары санатқа ие болып, ЕҰУ-дің ең үздік ғылыми-зерттеу институттарының бірі болды. Институтта апта сайын семинарлар ұйымдастырылады, олар дәріс түрінде, білім алмасу негізінде және зерттеу нәтижелері бойынша өткізіледі.
Барлық келем деушілерді ертең, яғни 06.12.17, сағат 14.30-де Б.Момышұлы 5, 431 кеңсесінде келесі семинарға шақырамыз.
Семинар тақырыбы: Сегед университетінің (Сегед, Мажарстан) фармацевтикалық химия институтында өткен үш айлық іргелі зерттеулер нәтижелері бойынша PhD-студенті Ташенов Ерболаттың «Биологиялық белсенді заттар мен стереоселективті катализаторлар ретіндегі монотерпендер мен олардың туындылары» семинары.