«6D030100 –Құқықтану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін ізденуші Жанбаз Мустафа диссертациясын қорғайды

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «6D030100 –Құқықтану» мамандығы бойынша диссертациялық кеңесінің отырысында философия докторы (Ph.D) ғылыми дәрежесін алу үшін ізденуші Жанбаз Мустафаның «Тозған және бүлінген жерлерді қалпына келтірудің құқықтық негіздері (Қазақстан Республикасы және Түркия Республикасы заңнамалары бойынша салыстырмалы талдау)» тақырыбына жазылған диссертациясын қорғау күні мен өткізілетін уақытын белгілегенін хабарлайды.

Диссертация мемлекеттік тілде (Қазақ тілі) Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің құқықтану кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Еркін Шажаұлы Дүсіпов – заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының вице- ректоры. (Астана қ., Қазақстан). (мамандығы 12.00.06 – Жер құқығы; табиғи ресурстар құқығы; экологиялық құқық; аграрлық құқық)

Еркебулан Нуғыманов Еркинович – заң ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті азаматтық және экологиялық құқық кафедрасының доценті (Астана қ., Қазақстан). (мамандығы 12.00.06 – Жер құқығы; табиғи ресурстар құқығы; экологиялық құқық; аграрлық құқық).

Ғылыми кеңесші:

Қосанов Ж. X- заң ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты жанындағы сот төрелігі Академиясы азаматтық құқық және процесс кафедрасының профессоры.

Шетелдік ғылыми кеңесші:

Южел Оғурлу- доктор, профессор, Халықаралық Сараево университетінің ректоры (Түркия Республикасы).

Қорғау Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің диссертациялық кеңесінде 2018 жылдың 6 қантарда сағат 10.00-де болады.

Мекен жайы: Астана қ-сы, Сәтбаев көшесі 2, Бас  ғимарат, Диссертациялық кеңестің отырыс залы (п 302).

Сайт – www.enu.kz.

 

Аңдатпа

Диссертация

Ғылыми еңбектер тізімі

Шетел кеңесшісінің пікірі

Ғылыми кеңесшінің пікірі

Ресми рецензент Е.Ш. Дүсіповтың пікірі

Ресми рецензент Е.Е. Нуғымановтың пікірі