Философия докторы (Ph.D) ғылыми дәрежесін алу үшін Самат Смоилов «Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны және табиғатты қолдануда экономикалық реттелу механизмінің құқықтық мәселелерін қамтамасыз ету» тақырыбында диссертациясын қорғайды

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (Ph.D) ғылыми дәрежесін алу үшін Самат Жұмағалиұлы Смоиловтың «6D030100 – Құқықтану» мамандығы бойынша «Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны және табиғатты қолдануда экономикалық реттелу механизмінің құқықтық мәселелерін қамтамасыз ету» тақырыбында диссертациясы қорғалады.

Диссертация орыс тілінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің азаматтық және экологиялық құқық кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

·   Бекишева С.Ж. – заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы құқық қорғау органдары академиясы МҒЗИ-ның бас ғылыми қызметкері (мамандығы 12.00.06 –экологиялық құқық; табиғи-ресурстық құқық; аграрлық құқық), Астана қ., Қазақстан.

·   Шакишев К.Д. – заң ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік баскару академиясының филиалының директоры (Талдықорған қ.) (12.00.06 –экологиялық құқық; табиғи-ресурстық құқық; аграрлық құқық).

Ғылыми кеңесшілер:

·   Мукашева А.А. – заң ғылымдарының докторы, профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті азаматтық және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі.

·   Гарольдас Шинкунас – заң ғылымдарының докторы, доцент, Вильнюс университетінің профессоры (Литва).

Қорғау 2018 жылдың 6 қантарда сағат 14.00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жанындағы диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен жайы: Астана қаласы, Сәтбаев көшесі 2, бас ғимарат, Диссертациялық кеңестің отырыс залы (№302).

Сайт – www.enu.kz.

 

Аңдатпа (қаз.)

Аңдатпа (орыс)

Аңдатпа (ағылшын)

Диссертация

Ғылыми еңбектер тізімі

Шетел кеңесшісінің пікірі

Ғылыми кеңесшінің пікірі

Ресми рецензент К.Д. Шакишевтің пікірі

Ресми рецензент С.Д. Бекишеваның пікірі