Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Б.Ж. Изенбаев 6D060900–«География» мамандығы бойынша диссертациясын қорғайды

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Изенбаев Бекнур Жусуповичтің 6D060900–«География» мамандығы бойынша «Оңтүстік Қазақстанның рекреациялық ресурстарының қалыптасуының физикалық географиялық негіздері» тақырыбында диссертациясы қорғалады.

Диссертация қазақ тілінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Физикалық және экономикалық география» кафедрасында орындалған.

Ғылыми кеңесшілері:

Мазбаев Орденбек Білісбекұлы – география ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Физикалық және экономикалық география» кафедрасының профессоры.

Емин Атасой – PhD докторы, Улудаг университетінің қауымдастырылған профессоры, Бурса қаласы, Түркия Республикасы.

Рецензенттер:

Каймулдинова Куляш Дуйсенбаевна – география ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Жаратылыстану және география институтының директоры.

Жакупов Алтынбек Аманжолович – география мамандығы бойынша философия докторы (PhD), Білім және ғылым министрлігі РМҚК  Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Жаратылыстану-математикалық білім беру» зертханасының жетекші ғылыми қызметкері. 

Диссертация  қорғау 2017 жылдың 29 желтоқсанында сағат 14.00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 6D060900 – «География», 6D090200 – «Туризм» мамандықтары бойынша диссертациялық кеңесінің мәжілісінде өтеді. 

Мекен-жайы: 0100008, Астана қаласы, Мұнайтпасов көшесі, 13, №3 ғимарат, 333 каб. 

 

Аңдатпа (қаз.)

Аңдатпа (орыс.)

Аңдатпа (ағылш.)

Диссертация

Ғылыми еңбектер тізімі

Шетел кеңесшісінің пікірі

Ғылыми кеңесшінің пікірі

Ресми рецензент К.Д. Каймулдинованың пікірі

Ресми рецензент А.А. Жакуповтың пікірі