27 қараша мен 13 желтоқсан аралығында Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Елдік дәрістер» іс-шарасы өтеді. Аталған шара аясында Мырзатай Жолдасбеков, Серік Негимов, Олжас Сүлейменов, Сейіт Қасқабасов, Болат Көмеков және т.б. сияқты белгілі ғалым-профессорлар бір ай бойы студенттерге Рухани жаңғыру, Тәуелсіз Қазақстан, ел мен жер, мемлекеттік мүдде және азаматтық жауапкершілік мәселелеріне арналған дәрістер оқиды.
Келем деушілер, аталған шарадан қапы қалмаңыздар!