Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін Мукиянова Г.С. «Жоғары сатылы өсімдіктерде қорғаныштық сигналдық жүйелерінің вирустық ауру кезінде реттелуі» тақырыбында диссертациясын қорғайды

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін Мукиянова Гульжамал Слямгазиевна «6D060700-Биология» мамандығы бойынша «Жоғары сатылы өсімдіктерде қорғаныштық сигналдық жүйелерінің вирустық ауру кезінде реттелуі» тақырыбында диссертациясы қорғалады.

Диссертация Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Өсімдіктер биотехнологиясы зертханасында орыс тілінде орындалды (Астана, Казахстан).

Рецензенттер:

Жамбакин Кабыл Жапарович – б.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі, ҚР ҒК БҒМ Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы интитутының бас директоры

Какимжанова Алмагуль Апсаламовна – б.ғ.д., доцент өсімдіктер биотехнологиясы және селекциясы зертханасының меңгерушісі, ҚР Ұлттық биотехнология орталығы.

Ғылыми жетекшісі:

Омаров Рустем Тукенович – б.ғ.к., профессор, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ биотехнология және микробиология кафедрасының меңгерушісі.

Шетелдік ғылыми кеңесшісі:

Мария Хосе Посо – PhD, Сайдин тәжірибелік ғылыми зерттеу орталығының Микробиология және симбиозды жүйелер зертханасының меңгерушісі (Испания).

Қорғау 2017 жылдың 25 желтоқсан Астана қ. уақыты бойынша сағат 12.00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 6D060700 – Биология мамандығы бойынша диссертациялық мәжіліс кеңесінде өтеді.

Мекен жайы: 010008 Астана қаласы, Қажымұқан көшесі, 13, ғимарат №3, 333 дәрісхана.

Аңдатпа

Диссертация

Еңбектер жинағы

Шетел кеңесшісінің пікірі

Ғылыми кеңесшінің пікірі

Ресми рецензент А.А. Какимжанованың пікірі

Ресми рецензент К.Ж. Жамбакинның пікірі