Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін А.С. Амирбекова «Қазақстан Республикасының ДСҰ жағдайындағы экспорттық әлеуетінің даму стратегиясы» тақырыбында диссертациясын қорғайды

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін Амирбекова Айнур Султаналиевнаның    6D050600 – «Экономика» мамандығы бойынша «Қазақстан Республикасының ДСҰ жағдайындағы экспорттық әлеуетінің даму стратегиясы» тақырыбында дайындалған диссертациясы қорғалады.

Диссертациялық жұмыс Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлтттық  университетінің «Экономика» кафедрасы (Астана қ., Қазақстан Республикасы) мен Халықтар Достығы Ресей университеті  (Мәскеу қ., Ресей) базасында орындалған. Қорғау тілі – орыс тілінде.

Рецензенттер: Жакупова Шахарбану Шормановна – экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰЭМ «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ,  вице-президент,  мамандығы 08.00.05 – «Экономика және халық шаруашылығын басқару»; Нурсеитов Азамат Айткалиевич – экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы, Әдіснама кеңесінің ғылым бойынша атқарушы директоры, мамандығы 08.00.05 – «Экономика және халық шаруашылығын басқару».

Ғылыми кеңесшілері: Мадиярова Диана Макаевна – экономика ғылымдарының докторы, профессор (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ); Андронова Инна Витальевна –  экономика ғылымдарының докторы, профессор (ХДРУ,  Ресей).

Қорғау 2017 жылдың 23 желтоқсанында Л.Н. Гумилев  атындағы Еуразия ұлттық университетінің 6D050600 – «Экономика» мамандығы бойынша диссертациялық кеңесте сағ. 10.00, Астана қаласы,  К.Сатпаев көшесі 2, ОӘҒ, № 302 аудитория мекенжайы бойынша өтеді.

Cайт мекен-жайы –  www.enu.kz, e-mail: enu@enu.kz

 

Аннотация

Диссертация

Еңбектер тізімі

Шетел кеңесшісінің пікірі

Ғылыми жетекшінің пікірі

Ресми рецензент Ш.Ш. Жакупованың пікірі

Ресми рецензент А.Нурсеитовтың пікірі