Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін А.К. Кадырбергенова «Қазақстанның инновациялық даму жағдайында мұнай-химия өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың экономикалық негіздері» тақырыбында диссертациясын қорғайды

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін Кадырбергенова Асель Калшикеевнаның    6D050600 – «Экономика» мамандығы бойынша «Қазақстанның инновациялық даму жағдайында мұнай-химия өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың экономикалық негіздері» тақырыбында дайындалған диссертациясы қорғалады.

Диссертациялық жұмыс Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті «Экономика» кафедрасы (Астана қ., Қазақстан Республикасы) және Қоршаған ортаны талдау институты (Дрезден қ., Германия); Юникорн Колледжі (Прага қ., Чехия) базасында орындалған. Қорғау тілі – қазақ тілінде.

Рецензенттер: Медиева Гульбазар Акыловна – экономика ғылымдарының докторы, ҚР ҰИА академигі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлік Академиясы, бас ғылыми хатшы,  мамандығы 08.00.05 – «Экономика және халық шаруашылығын басқару»; Изуталлаева Бибигуль Султановна – экономика ғылымдарының кандидаты, доцент,  Қ.А. Ясауи атындағы Халақаралық қазақ-түрік универстеті, мамандығы 08.00.05 – «Экономика және халық шаруашылығын басқару».

Ғылыми кеңесшілері: экономика ғылымдарының докторы, профессор Егембердиева Сауле  Мейрбековна (Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті); профессор Вольфрам Шарфф  (Қоршаған ортаны талдау институты,  Германия);  PhD докторы, профессор  Петр Хаек (Юникорн Колледжі,  Прага қ., Чехия).

Қорғау 2017 жылдың 22 желтоқсанында Л.Н. Гумилев  атындағы Еуразия ұлттық университетінің 6D050600 – «Экономика» мамандығы бойынша диссертациялық кеңесте сағ. 17.00, Астана қаласы,  К.Сатпаев көшесі 2, ОӘҒ, № 302 аудитория мекенжайы бойынша өтеді.

Cайт мекен-жайы –  www.enu.kz, e-mail: enu@enu.kz

 

Аннотация

Диссертация

Еңбектер тізімі

Шетел кеңесшісінің пікірі

Шетел кеңесшісінің пікірі

Ғылыми кеңесшінің пікірі

Рецензент Г.А. Медиеваның пікірі

Рецензент Б.С. Изатуллаеваның пікірі