Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін Н.Б. Куттыбаева «Қазақстандағы аймақтардың бәсекеге қабілеттілігі: бағалау әдістері және экономикалық кеңістік факторы» тақырыбында диссертациясын қорғайды

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін Куттыбаева Нургуль Болатовнаның    6D050600 – «Экономика» мамандығы бойынша «Қазақстандағы аймақтардың бәсекеге қабілеттілігі: бағалау әдістері және экономикалық кеңістік факторы» тақырыбында дайындалған диссертациясы қорғалады.

Диссертациялық жұмыс Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық   университетінің «Экономика және кәсіпкерлік» кафедрасы (Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы) және Әулие Климент Охридский атындағы София университеті (София  қ., Болгария) базасында орындалған. Қорғау тілі – қазақ тілінде.

Рецензенттер: Шалболова Урпаш Жаниязовна  – экономика ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры,  мамандығы 08.00.05 – «Экономика және халық шаруашылығын басқару»;  Абдрахманова Баян Сериковна – экономика ғылымдарының кандидаты, ҚР ҰЭМ «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ, Реттеушілік ортаны талдау орталығы директорының орынбасары, мамандығы 08.00.05 – «Экономика және халық шаруашылығын басқару».

Ғылыми кеңесшілері: Аймагамбетов  Еркара Балкараевич – экономика ғылымдарының докторы, профессор, ректор (Қазтұтынуодағы ҚЭУ);  PhD, профессор Димитр Стефанов (Әулие Климент Охридский атындағы София университеті,  Болгария).  

Қорғау 2017 жылдың 23 желтоқсанында Л.Н. Гумилев  атындағы Еуразия ұлттық университетінің 6D050600 – «Экономика» мамандығы бойынша диссертациялық кеңесте сағ. 13.00, Астана қаласы,  К.Сатпаев көшесі 2, ОӘҒ, № 302 аудитория мекенжайы бойынша өтеді.

Cайт мекен-жайы –  www.enu.kz, e-mail: enu@enu.kz

 

Аннотация

Диссертация

Еңбектер тізімі

Шетел кеңесшісінің пікірі

Ғылыми кеңесшінің пікірі

Рецензент У.Ж. Шалболованың пікірі

Рецензент Б.С. Абдрахманованың пікірі