Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Орақбаева Ұлболсын Мәлікқызының 6D050500- Аймақтану мамандығы бойынша «Indian Policy towards Central Asia: Evolution and Dynamics of Changes» тақырыбына дайындалған диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің халықаралық қатынастар кафедрасында орындалған.
Қорғау: ағылшын тілінде.
Рецензенттер:
Смағұлова Гүлнар Муратбекқызы – тарих ғылымдарының кандидаты, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің доценті, мамандығы: 07.00.15 – Халықаралық қатынастар және сыртқы саясат тарихы.
Шерьязданова Камилла Галимқызы – философия докторы PhD, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институты директорының орынбасары, мамандығы: 23.00.00. – Саясаттану.
Ғылыми кеңесшілер:
Медеубаева Жанар Мұратбекқызы – тарих ғылымдарының кандидаты, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің халықаралық қатынастар кафедрасының доценті.
Шарад Кумар Сони – философия докторы PhD, Джавахарлал Неру университетінің профессоры (Нью-Дели, Үндістан).
Қорғау 2017 жылғы 22 желтоқсанда сағат 10.00-да Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы диссертациялық кеңесте өтеді.
Мекен-жайы: 010008, Астана қаласы, Қ.Сәтбаев көшесі, 2, Бас ғимарат, Диссертациялық кеңес залы – №302 ауд.
Сайт мекен-жайы: www.enu.kz, e-mail: nogayeva_am@enu.kz
Ресми рецензент К.Г. Шерьязданованың пікірі