«Мектеп – ЖОО өзара қатынасының әлеуеті» атты кеңес өтеді

2017 жылдың 21 қарашасында №48 мектеп-лицей базасында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Ғылыми-әдістемелік кеңесі мен № 48 мектеп-лицейдің ашық педагогикалық кеңесінің «Мектеп – ЖОО өзара қатынасының әлеуеті» тақырыбына біріккен кеңесі өткізіледі.

Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы үздіксіз кадрларды дайындаудағы елдің білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінің ара-қатынасы мен өзара байланысын қамтамасыз ету жолымен білім беруді жаңғыртуға бағытталған.

Осыған орай, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінің мектеп пен ЖОО үшін ортақ жаңа аспектілері мен мақсаттары   олардың ықпалдастығы жаңа сабақтастық жағдайын оңтайландырудың  маңызды факторы болып саналады.

Аталған елеулі өзгерістер «Мектеп-ЖОО» ара-қатынасын белсендіре түсетін болады.

ҒӘК көшпелі отырысының мақсаты – «Мектеп- ЖОО» табысты ара-қатынасы үшін жағдай жасау.

ҒӘК көшпелі отырысында мектеп және ЖОО қөзқарасы тұрғысында келесі өзекті мәселелер қарастырылады:

– оқу –әдістемелік қамтамасыз ету;

– білім беру жүйесінде жұмысқа орналастыру;

– инклюзивті білім беруді ұйымдастыру мен оны әдістемелік қамтамасыз ету.

Отырыстың бағдарламасы  http://www.enu.kz сайтында орналасқан.

Өткізу орны – №48 мектеп-лицей, Жирентаев көшесі, 15/2, Астана қаласы.