«Ontustik Tourism. Invest – 2017» атты халықаралық туристік және инвестициялық форум

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі 2017 жылдың 15-16 қарашасында Шымкент қаласында «Rixos Khadisha Shymkent» қонақ үйінде «Қазақстанның Ұлы Жібек жолы бойынша саяхаты» фестивалі шеңберінде «Ontustik Tourism. Invest – 2017» (әрі қарай – Форум) халықаралық туристік және инвестициялық форумы өтетіндігін хабарлайды.

Іс-шара аясында «Ұлы Жібек жолы» маршруты бойынша туристік өнімдерінің таныстырылымы және көрікті жерлерінің фотокөрмесі, «Silk Road Fair» туристік жәрмеңкесі және қонақтарға арналған ақпараттық тур өткізіледі.

Форумның мақсаты – В2В кездесулер өткізуге, Қазақстан Республикасында туристік саланың дамуы бойынша өзекті мәселелер туралы пікір алмасуға қолайлы алаң құру, сондай-ақ Жібек жолы бойынша туристік өнімдерді әзірлеу және ілгерілету бойынша  тиімді жүйе қалыптастыру, өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыру, инвестиция тартуға қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.

Форум жұмысына ҚХР Туризм бойынша мемлекеттік басқармасы, Қазақстан Республикасының, алыс және жақын шет мемлекеттердің туризм саласы бойынша кәсіби мамандары, мемлекеттік мекемелер, қазақстандық және халықаралық бизнес-қауымдастық, кәсіподақ, туристік ұйым, ассоциациялар мен инвестициялық компания өкілдері қатысады.