«Елорданың жастар премиясы-2017» байқауы

Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы «Елорданың жастар премиясы-2017» байқауын өткізеді. Байқау 2017 жылдың 20 қазан мен 20 қараша күндері аралығында өтеді.

Байқаудың мақсаттары мен міндеттері:

·        Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру шеңберінде жастар арасында ұлттық бірегейлік пен ұлттық құндылықтарымызды насихаттау;

·        Қазақ халқының «туған жерге», «рухани дәстүрге», «ұлттық санаға», «білім мен тәрбиеге», «жалпыұлттық қасиетке», «ұлттық мәдениетке» деген озық дәстүрлері мен ұстанымдарын насихаттай отырып, дарынды жастарды іріктеу;

·        Жас мамандарымыз бен өнер адамдарының шығармашылық дамуына жағдай жасау;

·        Жастардың өз дарыны мен шеберлігін көрсетуге мүмкіндік жасау;

·        Жастардың мүмкіндіктері мен жетістіктерін ынталандыру.

«Елорда жастар премиясы – 2017» байқауының номинациялары:

1.     Ғылым

2.     Заманауи шығармашылық және өнер

3.     Журналистика

4.     Қоғамдық қызмет

5.     Спорт

6.     Театр және кино

7.     Эстрада

8.     ҮЕҰ (жастар саясаты бағытындағы)

9.     Әлеуметтік саланың үздік қызметкері

10.   Өндірістің үздік жұмысшысы

11.   Жас кәсіпкер

12.   Жыл студенті

13.   Жыл волонтері

14.   Ерлігі үшін

15.   Үздік мемлекеттік қызметкер.

Байқауға өтінімдер 2017 жылдың 20 қарашасына дейін (Zhastar.premiyasi.2017@mail.ru) электронды поштасы арқылы қабылданады.

Байқау ережесі