6D070300 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша Ж.Ж. Ахметова PhD философия докторы дәрежесін алу үшін докторлық диссертациясын қорғайды

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Ахметова Жанар Жумановнаның 6D070300 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша «Қатты денелердегі стационарлы емес толқындардың таралуы есебіндегі шешімді  визуализациялау және ақпараттық жүйесін құру» тақырыбындағы PhD философия докторы дәрежесін алу үшін докторлық диссертация қорғалады.

Диссертациялық жұмыс Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Ақпараттық жүйелер» кафедрасында орындалған. Қорғау қазақ тілінде өтеді.

Ғылыми кеңесшілер:

Боранбаев Сейлхан Нарбутинович – техника ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының профессоры;

Жүзбаев Серік Сүлейменұлы – физика-математика ғылымдарының кандидаты, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының доценті;

Попов Петер – PhD докторы, City University London профессоры, Программалық қамсызданудың сенімділігі орталығының инновациялар бойынша директоры (Лондон, Ұлыбритания);

Карчевский Андрей Леонидович – физика-математика ғылымдарының докторы,   РҒА Новосибирск мемлекеттік университетінің профессоры, Ресей ғылым академиясы Сібір бөлімшесі С.Л.Соболев атындағы математика институтының жетекші ғылыми қызметкері (Новосибирск, Ресей).

Рецензенттер:

Рысбайұлы Болатбек – физика-математика ғылымдарының докторы, Ақпараттық технологиялар халықаралық университетінің «Математикалық және компьютерлік модельдеу» кафедрасының меңгерушісі;

Дюсембаев Ануар Ермуканович – физика-математика ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының профессор м.а.

Қорғау 2017 жылдың 15 желтоқсанында, сағат 11.00-де Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде келесі мекен-жай бойынша өтеді: 010000, Астана қаласы, Пушкин көшесі 11, 216 каб.

Сайт адресі: www.enu.kz, e-mail: zaigura@mail.ru

Аннотация

Диссертация

Ғылыми еңбектер тізімі

Шетел кеңесшісінің пікірі

Шетел кеңесшісінің пікірі

Ғылыми кеңесшінің пікірі

Ғылыми кеңесшінің пікірі

Рецензент А.Е. Дюсембаевтың пікірі

Рецензент Б. Рысбайұлының пікірі