«Мен жастарға сенемін!» атты студент жастардың бесінші патриоттық форумы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті  «Жандану әлемі» қорының қолдауымен, «Жас Отан» жастар қанаты, ҚР Жазушылар Одағы және Алматы қаласы әкімдігі Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті күніне арналған «Мен жастарға сенемін!» атты студент жастардың бесінші патриоттық форумын өткізеді. Ақпараттық серіктесі – «Қазақ радиосы», «Нұрмедиа» холдингі.Форумды өткізу мақсаты – студент жастардың Қазақстан болашағына деген азаматтық жауапкершілігін көтеру және патриоттық сезімін арттыру.

Форумға төмендегі іс-шаралар кіреді:

– «Еліміздің инновациялық дамуына менің қосқан нақты үлесім» атты студенттік әлеуметтік маңызы бар  инновациялық жобалар байқауы;

– «Мен мемлекетімнің гүлденуі үшін не істей аламын?» атты студенттік эссе байқауы;

– «Мен жастарға сенемін!» тақырыбында студенттік поэзиялық азаматтық-патриоттық шығармалар байқауы;

–  «Мәңгілік ел мұратым!» патриоттық ән байқауы. 

Форум екі кезеңнен тұрады:

І іріктеу кезеңіне қатысушылар байқау материалдарын ұйымдастыру алқасының пошталық адресіне kaznukmo@gmail.com 2017 жылдың 15 қарашасына дейін жіберулері қажет.

Ал «Еліміздің инновациялық дамуына менің қосқан нақты үлесім» атты студенттік әлеуметтік маңызы бар инновациялық жобалар байқауының ІІ іріктеу кезеңі 2017 жылдың 28 қарашасында Әл-Фараби ғылыми кітапханасында өткізіледі.  

2017 жылдың қараша айының 29 күні Әл-Фараби атындағы кітапханасында барлық байқаулар жұмыстары қарастырылып, жеңімпаздар аталады.

Тапсырыстар мен байқау материалдарын 2017 жылғы 15 қарашаға дейін мына мекенжайға жіберу керек: Алматы қ-сы, әл-Фараби даңғылы 71, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Мен жастарға сенемін!» форумы белгісімен. Байланыс тел: 8 (727) 221-14-51; 87014387733, 87023472517, 87024596748 e-mail: kaznukmo@gmail.com.

Форум туралы ережемен толығырақ http://www.kaznu.kz сайтында танысуға болады.