ЕҰУ «Менің елім» тарихи өлкетанымдық жобасын жүзеге асыруда

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру бойынша Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Менің елім» тарихи өлкетанымдық жобасын жүзеге асыруда.

Жобаның мақсаты – студент-жастарды отансүйгіштікке баулу, еліміздің тарихи мұраларын насихаттау.

Жобаның бірінші бөлімі «Қазыналы Оңтүстік» деп аталады. Бағытын айтатын болсақ, университетіміздің студент-жастары 11 қараша күні жолға шығады, сонымен қатар 13 қарашада Қорқыт ата мемлекеттік университетінде 14-15 қараша аралығы Қ.А. Ясауи халықаралық қазақ-түрік университеті, 15-17 қараша М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде және 18 қараша М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде болу жоспарланған.

Шара барысында университетіміздің белсенді (оңтүстік өңірде бұрын болмаған) студенттері «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында баяндама жасап, дөңгелек үстелдер өткізіп, сол өңірлердегі тарихи жерлермен танысатын болады.