«Нұр Әлем» кешені келушілер үшін өз есіктерін қайта ашады

«Астана EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің архитектуралық символы саналатын «Нұр Әлем» кешені келушілер үшін өз есіктерін қайта ашпақ.

Кіру билеті – 1500 тг. Оқушылар мен зейнеткерлерге арналған жеңілдіктер қарастырылған. Кіру үшін олар 500 теңге төлейді, ал студенттер үшін – 800 теңге.  Ұлы Отан соғысы ардагерлері, барлық топтардың мүгедектері, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, көпбалалы аналар және 6 жасқа дейінгі балалар тегін кіруге құқылы.

11 және 12 қараша күндері «Нұр Әлем» нысандарын тегін көру мүмкіндігі туады. Ал 14 қарашадан билеттердің ресми сатылымы басталады. Жаңадан енгізілген өзгерістер де орын алмақ. Көрменің ашылу салтанатына Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінен 300 студент жіберілмек.