ЕҰУ профессор-оқытушылары мен қызметкерлері және студенттердің назарына!

2017 жылдың 9 қараша күні университетіміздің «Кәусар» мәдени-танымдық бірлестігінің жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген әртісі, өнертану профессоры Кенжеғали Мыржықбайдың «Өнер тұғыры» атты дәріс-концерті өтеді. Аталған шарада студент-жастарға қазақ операсының тарихы баяндалып, сол саланың дамуына айрықша үлес қосқан халқымыздың дарынды тұлғалары таныстырылады. Сондай-ақ, концерттік бағдарлама ұсынылады.
Өтетін орны: ҚР Тұңғыш Президенті атындағы аудитория (№208)
Басталуы: 16.00