«Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдардың қазіргі мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция

2017 жылдың 13 желтоқсанында «Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдардың қазіргі мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткiзіледi.

Конференцияның мақсаты: қазіргі жағдайда гуманитарлық білім беру тәжірибелерін қорыту, келешектегі даму бағыттары мен трансформациялануын белгілеу.

Конференцияның ғылыми бағыттары:

1.    Педагогика және психология.

2.    Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар: тарих, әлеуметтану, философия, әлеуметтік жұмыс, экология, валеология.

3.    Қазақ және орыс филологиясы.

4.    Шетел филологиясы және аударма ісі.

5.    Құқықтану.

6.    Экономика және қаржы.

Конфренция мәжілісінің форматы: пленарлық отырыс, дөңгелек үстел.

Материалдар электрондық жинағы конференцияға дейін шығарылатын болады.

Конференция материалдарын шығару үшін қатысуға тапсырыс пен баяндама мәтінін 2017 ж. 15 қарашаға дейін жіберу қажет. Тіркеу жарнасы – 3000 теңге.

Жұмыс тілдері – қазақ, орыс және ағылшын.

Конференция қатысушыларына сертификат беріледі.

Материалды мына мекенжайға жiберулерiңiздi сұраймыз:

010009, Астана қ., Жұмабаев даңғылы, 4, Еуразия гуманитарлық институты

e-mail: konf.eagi2017@mail.ru,

тел.: +77775157887, +7(7172)561933


Ақпараттық хат