«Тілдік практика үштілді білім берудің құрамдас бөлігі» атты көшпелі ғылыми-әдістемелік семинар

2017 ж. 9 қарашада Астана қаласындағы № 5 гимназиясы базасында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Тілдік практика үштілді білім берудің құрамдас бөлігі» атты көшпелі ғылыми-әдістемелік семинар өткізеді.  

Аталмыш іс-шараның негізгі мақсаты – Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» атты бағдарламалық мақаласында айтылған идеялар мен мақсаттар аясында білім беру жүйесі үшін үштілді мамандарды даярлаудың өзекті мәселелерін талқылау.

Семинарды ұйымдастырушылар – Астана қаласындағы мамандандырылған № 5 гимназия, филология факультетінің шетел филологиясының  кафедрасы және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті академиялық мәселелер департаментінің карьера және бизнестік әріптестік бөлімі.

Астана қаласындағы № 5 гимназиясы университетпен көп жылдан бері бірлесіп жұмыс атқарып келеді, шетел филологиясы кафедрасының филиалы болып табылады, гимназия базасында оқу және әдістемелік бағыттарындағы іс-шаралар өткізіліп отырады, студенттердің тілдік және кәсіптік практикалары ұйымдастырылады. Мұндай әріптестік мектеппен жоғары оқу орындары арасында тілдік білім беру мазмұнының үздіксіздігі мен басымдығы принциптерін сәтті іске асыруда өз нәтижесін беруде.

Семинарға университеттің профессор-оқытушылар құрамы, практикалардың жетекшілері, Астана қаласы білім беру басқармасының өкілдері және мектеп мұғалімдері қатысады.

Семинар бағдарламасында тілдерді оқытудың заманауи технологиялары, педагогикалық мамандықтарының студенттері үшін тілдік практиканы ұйымдастыру принциптері, үш тілде оқу пәндері блогын енгізудің әдістері мен тәсілдері, практика базаларына жаңа көзқарас және өзара әрекет, педагогикалық мамандықтарға оқытудағы кәсіби бағыттау, практикаға бағдарлау және т.б. маңызды мәселелер талқыланады.