3 қарашада Білім алушыларға қызмет көрсету орталығының ашылуы өтеді

Бүгін, 3 қарашада Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің оқу-әкімшілік (бас) ғимаратында Білім алушыларға қызмет көрсету орталығының ашылуы өтеді.

Басталуы: сағат 15:00

Орталықтың басты мақсаты – «бір терезе» қағидасы бойынша білім алушыларға қызмет көрсету. Орталық академиялық мерзім бойы академиялық мәселелер бойынша білім алушыларға қызмет көрсету мен кеңес беруді жүзеге асырады.

Студенттер, магистранттар, докторанттар, талапкерлер және олардың ата-анасы барлық қызықтыратын сұрақтар бойынша Орталыққа жүгіне алады. Сондай-ақ, оқудан шығу туралы өтінім, ауысу, қайта қалпына келтіру, академиялық демалыс алу, анықтама алу (барлық түрі), транскрипт, оқу үлгерімі жайлы анықтама және т.б. 

Мақсаты – Университет миссиясын шешу аясында білім беру қызметінің сапасын арттыру.