«Тілдік практика үштілді білім берудің құрамдас бөлігі ретінде» атты жылжымалы ғылыми-әдістемелік семинар

2017 ж. 9 қарашада Астана қаласындағы № 5 гимназиясында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Тілдік практика үштілді білім берудің құрамдас бөлігі ретінде» атты жылжымалы ғылыми-әдістемелік семинар өткізеді.  

Аталмыш іс-шараның негізгі мақсаты – Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» атты бағдарламалық мақаласында айтылған идеялар мен мақсаттар аясында білім беру жүйесі үшін үштілді мамандарды даярлаудың өзекті мәселелерін талқылау.

Семинарды ұйымдастырушылар – Астана қаласындағы мамандандырылған № 5 гимназия, филология факультетінің шетел филологиясының тіл кафедрасы және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің карьера және бизнестік әріптестік бөлімі.

Астана қаласындағы № 5 гимназия университетпен көп жылдар бойы бірлесіп жұмыс істеп келеді, шетел филологиясы кафедрасының филиалы болып табылады, гимназия базасы негізінде тек жылжымалы семинар ғана емес, сонымен қатар басқа да әдістемелік іс-шаралар өткізіледі, студенттердің тілдік, кәсіптік практикалары ұйымдастырылады. Бұндай әріптестік мектеп-жоо бағыты бойынша тілдік білім беру мазмұнының үздіксіздігі мен басымдығы принциптерін сәтті іске асыруда өз нәтижесін беруде.

Семинарға профессор-оқытушылар құрамы, университет практикаларының жетекшілері, Астана қаласы білім басқармасының өкілдері және мектеп мұғалімдері қатысады.

Семинар бағдарламасында тілдерді оқытудың заманауи технологиялары, педагогикалық мамандықтарының студенттері үшін тілдік практиканы ұйымдастыру принциптері, үш тілде оқу пәндері блогын енгізудің әдістері мен тәсілдері, практика базаларына жаңа көзқарас және өзара әрекет, педагогикалық мамандықтарға оқытудағы кәсіби бағыттау, практикаға бағдарлау және т.б. маңызды мәселелер талқыланады.